02:15, 28 Тамыз 2023 | GMT +5
Шымкентте бұршақ жауды
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте көлемі моншақтай бұршақ жауды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шымкентте кешкі мезгілде күн райы бірден өзгерді. Аспанда қара бұлт басып, бірден бұршақ аралас жаңбыр жауды.
Көлемі моншақтың үлкендігідей алып бұршақтан қорғанған қала тұрғындары ғимараттар мен аялдамаларды паналады.
Тіпті көлігімен жүрген көпшілік май құю бекеттерінде бұршақтанған қорғанып тұруға мәжбүр болды.
Алып бұршақ араласқан жаңбыр Түркістан облысының біршама аудан-қалаларында да жауды.
Тіпті кей аймақтарда жарық өшіп, ағаштар құлады.
Айта кетейік, бұдан алдын алдағы үш күнде ауа температурасы біртіндеп төмендей бастайтындығын жазған болатынбыз.
Бүгінде еліміздің басым бөлігінде күн күркіреп, жаңбыр, бұршақ жауып, күшті жел соғуы мүмкін.