Шымкентте цемент зауытының цехы өртенді

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте цемент зауытының цехы өртенді. Тілсіз жауды ауыздықтауға тқтенше жағдайлар қызметінің 50 қызметкері мен 13 техникасы жұмылдырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шымкентте цемент зауытының цехы өртенді

«2018 жылы 12 ақпанда күндізгі сағат 15:06-да Шымкент қаласы, Қойгелді Батыр көшесінде орналасқан «Шымкент Цемент» АҚ зауытының ауласында төрт қабатты цех ішінде өрт шыққан. Цехтағы 10 тонна майдаланған көмір жанған.

Оқиға орнына төтенше жағдайлар қызметінің өрт сөндірушілері мен арнайы техникалары жұмылдырылып, өрт сағат 16:17-де толық сөндірілді. Өрттің көлемі 70 шаршы метрді құраған. Зардап шеккендер жоқ» делінген Облыстық ТЖД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Қазіргі таңда өрттің шығу себептері мен келтірілген шығын көлемін анықталуда.