Шымкентте дәмхана екі күн қатарынан карантин талабын бұзды
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Демалыс күндері Шымкентте кафені жалға алушы азамат карантин талабын екі рет бұзған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Коронавирусқа қарсы ведомствоаралық комиссияның мәліметінше, 16-19 желтоқсан аралығында Шымкент қаласының мониторинг топтары 16 рейд жүргізген.
Бұл шара 248 нысанды қамтыды.
Оның ішінде 177 қоғамдық тамақтану орны (кафе, тойхана мен асханалар), 71 коммуналдық объекті (сұлулық салоны, шаштараз, ТҚКС, химиялық тазалау орындары) бар.
Мониторингпен қамтылған барлық обьектіде санитарлық түсіндіру жұмысы жүргізілді.⠀
4 күндік демалыс кезінде мониторинг тобы карантин талабын кезегімен екі рет бұзған кафені анықтады. Қаладағы «Viva» кафесінің қызметкерлері келушілерге маскасыз және қолғапсыз қызмет көрсеткен.
Тексеру нәтижесінде жалға алушыға 83 340 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Шымкент қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аудандық басқармаларына 6 жедел хабарлама келіп түсіп, жұмыс жүргізіліп жатыр.
«Құрметті кәсіпкерлер! Аталған шаралардың барлығы елімізде коронавирус инфекциясының таралуына қарсы бағытталғанын естеріңізге саламыз. Пандемияға бірге қарсы тұрайық» деп ескертеді комиссия.