Шымкентте дәрігерлер 130 адамның бүйрегін алмастырды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте дәрігерлер 130 адамның бүйрегін және 18 науқастың бауырын алмастырды. №1 қалалық клиникалық аурухана базасында жасалған күрделі оталардың барлығы сәтті аяқталған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Қалалық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, ағза алмастырған науқастардың барлығының денсаулығы бірқалыпты. Жүзден аса жанға жаңа өмір сыйлаған ақ халаттылар шетелдік азаматтарға да транспланталогиялық операция жасаған.

«17 шетелдік азаматқа (Германия, Канада, Израиль, Румыния) тірі донордан алынған бүйректі алмастыру отасы жасалған. Бүгінде ол науқастардың жағдайы да қанағаттанарлық. Донорлар және реципиенттер амбулаториялық емдеуге жіберілді. Күрделі оталардың барлығы аурухананың бас дәрігері Мәди Биғалиевтің жетекшілігімен жүргізілді», делінген хабарламада.

null

Соңғы жаңалықтар