Шымкентте дәрігерлер ес-түссіз жатқан науқастың туыстарын іздестіруде

  ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте дәрігерлер ес-түссіз жатқан науқастың туыстарын іздестіруде. Ауыр дене жарақаттарын алған ер азамат Шымкент қалалық жедел-жәрдем ауруханасына 1 маусым күні түскен болатын. Содан бері ол ес-түссіз жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі. 

Шымкентте дәрігерлер ес-түссіз жатқан науқастың туыстарын іздестіруде

Әзірге ақ халаттылар науқастың кім екендігін және қайда тұратындығын анықтай алмай отыр. Ауыр халде түскен ер кісіге бас-ми жарақаттарына байланысты қиын ота жасалған. Бүгін науқастың жатқанына тоғыз күн өтсе де ол әлі есін жимапты. Дәрігерлердің сөзінше, ол әлі тілге келмеген. Сондықтан қала тұрғындарынан 55-60 жас шамасындағы ер кісіні іздестіріп жүргендер болса аталған ауруханаға хабарласуларын сұрайды. 
null