Шымкентте дендросаябақтағы ағаштар не себепті шіріп жатқаны зерттеледі
2025 жылға дейін Шымкент қаласында орналасқан дендросаябаққа 500 түрлі ағаштың көшеті егілетін болады. Сондай-ақ, мұндағы көгалдардың 40 пайызына тамшылатып суару технологиясы қолданылса, қалған бөлігіне автоматты суару жүйесі енгізіледі. Жалпы биылғы жыл соңына дейін дендросаябақ толығымен сумен қамтылатын болады.
«Дендросаябақтағы ағаштар неден қурап жатыр?» деген сұрақ туындаған болатын. Бұл туралы әртүрлі пікір бар. Сондықтан жан-жақты зерделеу жұмыстарын жүргізу үшін экологиялық экспертиза тағайындадық. Сонымен қатар, саябақтағы ағаштардың түрін көбейтуді де жоспарлап отырмыз. Биыл 140 түрлі ағаш көшеттерін таңдап отырмыз. Алдымен Индонезия, Корея секілді елдерден 10 түрлі ағаш алып келеміз. Егер жерсінсе, көбейтеміз. 2025 жылға дейін дендробақтағы ағаш түрлерін 500-ге дейін көбейтеміз» - деді Ержан Жолдасов.
Айта кетейік, Шымкент қаласында орналасқан дендрсаябақтың аумағы 117 гектарды құрайды. Бүнінгі күні мұнда 98 840 ағаш бар.