Шымкентте доллардың қымбаттауына қарсы шаралар қолға алына бастады

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте доллар бағамының көтерілуіне байланысты бағаның өсуіне жол бермеу шаралары қолға алына бастады. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайтында жария етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әкімдіктің хабарлауынша, жекелеген нарық субъектілері түрлі тауарлардың, соның ішінде отандық өнімдердің бағасын жасанды түрде көтеру сияқты өзге де түрлі алыпсатарлық әрекеттері орын алуы мүмкін. Осындай әрекетке барғандарға қатысты заң аясында тиісті шаралар қолданылуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 159-бабына сәйкес, барлық монополиялық кірістерді (негізсіз алынған табыс) тәркілей отырып, кірістердің (түсімдердің) 3% -дан 5%-ға дейінгі мөлшерінде әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Кодекстің 90-2-бабында монополияға қарсы органның міндеттерінің бірі монополияға қарсы заңнаманы бұзудың алдын алу болып табылатындығы көрсетілген», делінген хабарламада.

Сонымен қатар, әкімдік қызметкерлері қала тұрғындарынан басқа нарық субъектілерінің, сондай-ақ тауар бағасының өсу орын алған жағдайда ақпараттарды тиісті органдарға жолдау қажеттігін ескертті.

Соңғы жаңалықтар