Шымкентте екі аптаның ішінде 160 мас жүргізуші ұсталған
Полицей шым шаһардағы көлік тізгіндегендердің жауапкершілігі төмендеп, қоғамға қауіп төндіре бастағанына алаңдаушылық білдірген, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.
«Ішімдікті аз ішсең де рульге отыратыныңды ұмытпау керек. Бұл қағида кез келген жүргізушінің жадында болуы қажет. Себебі, оның салдары ауыр зардаптарға, адам өліміне алып келуі мүмкін. Екі айдың ішінде Жергілікті полиция қызметкерлері 160 мас жүргізушіге шара қолданды»,-дейді Д. Мейірхан.
Қазір көлік иелерінің осы сынды жауапсыз әрекеттері полиция қызметкерлерін алаңдатып отыр. Сондықтан Данияр Мейірхан қала тұрғындарын тағы бір сәт жауапкершіліктерін сезінуге шақырды. Әлеуметтік желіге мас жүргізуші бейнеленген көрністі жүктеген.
«Рульде екенін біле тұра ішімдік жұтып алатындар мұндай әрекеттерден бас тартып, олардың жанындағы азаматтар мас жүргізушілер туралы полицияға хабар береді деп үміттенеміз. Бұл түрлі жол-көлік оқиғаларының алдын алып, келеңсіз жағдайларға жол бермес еді. Жауапкершілік болмаған жағдайда жол апаттары орын алып, адамдар өлімі бола беретіні белгілі»,-дейді қалалық Жергілікті полиция басшысы.