Шымкентте екі жаяу жүргінші «Мицубиси» автокөлігінің астына түсіп, мерт болды
АСТАНА. Желтоқсанның 15-і. ҚазАқпарат - Шымкент қаласында «Мицубиси» көлігін мінген 36 жастағы азаматтың салғырттығынан екі жаяу жүргінші өлім құшты,
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ТЖМ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға желтоқсанның 14-і күні 02 сағат 30 минутта Сәуле шағынауданында орын алды. Көлік қаққан екі жаяу жүргінші сол орында жан тәсілім етті.