Шымкентте екі жыл бұрын салынған ескек есу спорт кешені қирап жатыр

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте екі жыл бұрын салынған ескек есу спорт кешені қирап жатыр. Еліміздегі осындай жалғыз нысан бүгінде аянышты халге түскен, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.
None
None

Су және ескек есу түрлері үшін салынған әмбебап оқу-жаттығу базасы 2015 жылдың қазанында пайдалануға берілген. Алайда араға көп уақыт салмай жатып-ақ құрылыс сапасы сыр бере бастады. Бүгінде орталықтың есік терезелері ажырап, қабырғалары сөгіліп жатыр. Едендері босап, кафельдері ажырай бастаған.  Ғимараттың  іші де қирағаны былай тұрсын, сырты да үгітіліп жатыр.  Сол сияқты есік-терезелерде саңылау пайда болып, жыл бойы жатып дайындалатын спортшылар суық күні жел кіретін жерлерді скочпен жауып амалдайды екен. Кешеннің әкімшілігі мердігерлер мен құрылысшыларға мұңын шаққанымен, тыңдай қояр құлақ табылмағанын айтады.
null

«Бар кінәні жылу қазандығына жауып қоя салады. Жауапты құрылысшылар осы күнге дейін орталыққа 20 рет келіп, түк тындырмады. Олардың қателіктерін тізбектеп шағымданғанымызда,  29 мамырға дейін жөндеп беретіні жөнінде  хат жолдаған болатын. Ия, олар келуін келді. Бірақ аптадан артық уақыт осында болғандар  ештеңені тындырмады. Яғни, қалпына келген бір нәрсені де көрген жоқпыз. Нәтижесіз жұмыстың осынша уақытқа созылып кеткені өкінішті. Себебі аз уақыттан кейін спортшылар қайта осы орталыққа жиналып, күз айында жаттығуды бастайды», - дейді орталық қызметкері Азамат Чулаков.
null

Бұл мәселеге орай мердігерлер болса өздеріне еш кінә артқысы жоқ. Жаңадан салынған нысанды  облыстың спорт және дене шынықтыру басқармасына екі рет тапсырдық деп отыр. Алайда кейіннен спорт кешенінен дұрыс күтім жасалмағанын айтып ақталуда. Дегенмен құрылысшылар күздің соңына дейін қайта жөндеу жұмыстарын жүргізетінін айтты.

nullnullnullnullnullnullnull

Соңғы жаңалықтар