Шымкентте екінші қабаттан құлаған 5 жасар бала аман қалды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат- Шымкентте 5 жастағы бала екінші қабаттан құлап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шымкентте екінші қабаттан құлаған 5 жасар бала аман қалды

Оқиға Самал-3 шағынауданындағы Ізгілік көшесінде болған. Ересектердің қарауынсыз қалған 5 жастағы бала жеке тұрғын үйдің екінші қабатынан құлап кеткен.

«Жедел жәрдем қызметінен Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаментінің Дағдарыс жағдайларда басқармасына баланың терезеден құлағаны туралы хабарлама келіп түсті. Шамамен 3,5 метр биіктіктен құлаған сәбидің қазіргі жағдайы орташа»-делінген Шымкент қаласы ТЖД таратқан ақпаратта.


Фото: Шымкент қаласы ТЖД