Шымкентте ер адам аурухана алдында өз-өзін өртемек болды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте 32 жастағы ер адам өз-өзін өртеп жібермек болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шымкентте ер адам аурухана алдында өз-өзін өртемек болды

Polisia.kz сайтының мәліметінше, 8 маусым күні Еңбекші аудандық полиция басқармасына суицид жасамақ болған адам туралы хабарлама түскен. Жібек жолы көшесінде орналасқан «Облыстық туберкулезге қарсы диспансер» ғимаратының алдында ер адам өз-өзіне бензин құйып, өртеп жібермек болған.

Оқиға орнына келген учаскелік полиция инспекторлары мен патрульдік полиция полкінің қызметкерлері суицид жасамақ болған азаматты тоқтатқан.

«Полицейлер әңгімеге тарту арқылы 32 жастағы адамның өмірін сақтап қалды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 105-бабы 1-бөлігімен (»өзіне-өзі қол жұмсауға дейін жеткізу«) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - делінген хабарламада.

Ер адам мұндай қадамға отбасылық жағдайына байланысты барғанын айтты. Ол полицейлерге алығысын білдірді.