Шымкентте футбол жанкүйерлерінің арасында жанжал туындады
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат- Шымкентте футбол жанкүйерлерінің арасында жанжал туындады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Әлеуметтік желіде Ордабасы мен Легия командаларының жанкүйерлері арасында болған жанжалдың видеосы тарап жатыр. Онда қос команданың қолдаушылары арасында туындаған түсініспеушіліктің соңы төбелеске ұласа жаздағанын көруге болады. Ал, тәртіп сақшылары дер кезінде әрекет етіп, қоғамдық тыныштықты қамтамасыз етті.
«Ойын басталар алдында сағат 20:30 шамасында командалардың жанкүйерлері арасында ауызша ерегес болды. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз еткен полицейлер дер кезінде әрекет етті. Нәтижесінде, төбелес болған жоқ. Бұзақылық әрекеттерге жол берілмеді» делінген polisia.kz сайтында жарияланған ақпаратта.