Шымкентте ғасыр жасаған әжей өз үйінде дауыс берді

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте жасы 100-ге келген қария Заря Ибрагимова референдумға бір кісідей қатысып, өз таңдауын жасады.

Шымкентте ғасыр жасаған әжей өз үйінде дауыс берді

Саяси тұрғыда маңызды шарадан шет қалмаған әжей Ата заңға түзетулер топтамасын енгізу жалпы тыныс-тіршілігімізге, құқығымызға, өмірімізге тың серпін береді деген сенімде.

«Қазіргі конституциялық реформа тікелей бүкілхалықтық дауыс беру арқылы жүзеге асырылатыны қуантады. Жалпыхалықтық референдум халыққа тең мүмкіндіктер береді»,- дейді Заря Ибрагимова.

Ата заңға енгізілетін түзетулер мен толықтырулар - демократиялық мемлекет қалыптастырудағы маңызды қадам дейді шымкенттіктер.

Сондықтан референдум учаскелеріне келіп, дауыс беруге белсенді қатысты.

Кешкі сағат 18:00-дегі мәлімет бойынша қала тұрғындарының 62,07 пайызы өз таңдауын жасап үлгерген.