Шымкентте генерал Рақымовқа ескерткіш ашылды
ШЫМКЕНТ. 29 қыркүйек. ҰазАқпарат - Шымкентте Кеңес Одағының Батыры, генерал-майор Сабыр Рақымовқа ескерткіш ашылды.
Ескерткіштің биіктігі 4 метр 20 сантиметрге, тұғырымен 7 метрге жетеді.
Ескерткіш жергілікті кәсіпкерлердің қаржысына тұрғызылды. Бүл Сабыр Рақымовқа Қазақстанда орнатылған алғашқы ескерткіш. Оның ашылуы генералдың туғанына 110 жыл толуына орайластырылып отыр.
С.Рақымов Оңтүстік Қазақстан облысының Қазығұрт ауданында туған. 1943 жылы оған генерал-майор атағы берілді. Ол 395-гардияның және 47-ші, 37-ші атқыштар дивизиясының командирі болды. Төрт рет Қызыл ту және Қызыл жұлдыз орденімен, сондай-ақ, Суворов, ІІ дәрежелі Кутузов ордендерімен марапатталған, бұл наградалар қолбасшылық құрамға беріледі.
Сабыр Рақымов - Орта Азия мен Қазақстаннан шыққан алғашқы генерал. Ол Жеңіске санаулы күндер қалғанда, 1945 жылы 26 наурызда соғыста алған ауыр жарақаттарынан қайтыс болды.