Шымкентте «Халыққа арналған прокуратура» кеңсесі ашылды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат -  Шымкентте  «Халыққа арналған прокуратура» кеңсесі ашылды. Онда Әл-Фараби, Абай және Қаратау аудандарының прокуратура қызметкерлері азаматтарды қабылдап, арыз-шағымдарымен танысатын болады.

Шымкентте «Халыққа арналған прокуратура» кеңсесі ашылды

null
Бұл шара еліміздің Бас Прокуратурасының «Тиімді шағымдар қоғамына» жобасы аясында және Бас Прокурордың өзгерістер бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында  қолға алынып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат  ХАА тілшісі. 

Қадағалау органы өкілдері осылайша арызданушылардың шағымын нәтижелі қарап, уақытты үнемдемек. Қала тұрғындарының құқықтарын барынша қорғауды көздеп отыр. Яғни, азаматтар осы жерде өз арыздарын қалдырып, заңды түсіндірмелер ала алады.
null 

 Айта кетейік, бұған дейін аталған аудан прокуратураларымен «смс жауап» қызметі іске қосылған болатын. Қызметтің бұл түрі арқылы облыс және мемлекет көлемінде арыз иелеріне жауаптың дайын болғандығы және түпнұсқаны алу құқықтары түсіндіріліп, ұялы телефондарына арнайы хат жолдануда.
null