Шымкентте із-түзсіз жоғалып кеткен әйелдің мәйіті судан табылды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте малын іздеп шығып, із-түзсіз жоғалып кеткен әйел суға батып кеткен. 45 жастағы тұрғынның мәйітін құтқарушылар Жыланбұзған ауылындағы су арнасынан тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Шымкент қаласына қарасты Еңбекші ауданы, Жыланбұзған ауылының тұрғыны малын іздеп шыққан. Алайда үйіне оралмаған соң туыстары 112 нөміріне хабарлаған. Оқиға орнына полицейлер мен құтқарушылар барып, бір тәуліктен астам іздеу жұмыстарын жүргізді. Оларға еріктілер мен ауылдастары да көмектесткен.

«Оқиға орнына 7 адам мен 1 кинологиялық бригададан тұратын жедел-құтқару жасағы шықты. Олар Жыланбұзған ауылының жанынан өтетін ені 3 метр, тереңдігі 2-2,5 метр болатын су арнасын қарап шыққан. Нәтижесінде сүңгуірлер 1977 жылы туған әйелдің мәйітін судан шығарып алды» делінген қалалық ТЖД хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар