Шымкентте қала күні мерекесіне орай бұқаралық велошеру ұйымдастырылды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте қала күні мерекесіне орай бұқаралық велошеру ұйымдастырылды. «Тәуелсіздік» саябағына жиналған шабандоздар «Наурыз» алаңына дейінгі 15 шақырымды жүріп өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.
None
None

Велошеруге кез келген жастағы тұрғындар қатысты. Қозғалыс құралымен көпшілік қаланың орталық көшелерін жүріп өтіп, сәулетті кескін-келбетін тамашалай алды. Мәре сызығын кесіп өткен велошерушілерді қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысының міндетін атқарушы Намазбай Әбдіқұлов «Наурыз» алаңының төрінде дайындалған мінберде арнайы марапаттады.

Сонымен, сынға қосылған әуесқой спортшылар арасында егде қатысушылар - Александр Полторацкий мен Жадыра Ізтаева және ең жас қатысушылар - Максим Павлов пен Ақмаржан Оспан арнайы марапатқа ие болды. Ал әкелі-балалы Қуаныш Асанов пен Дияс Қабылбекке спорттық жанұя ретінде арнайы сый-сияпат ұсынылды. Сондай-ақ, белсенді қатысушылар - Самат Есболов, Талғат Асылбеков, Шыңғыс Мажитов, Марина Варибрус және Дәурия Молдабекова да арнайы марапатқа ие болды. Велосипедті жанына серік етіп, талай сында бақ сынап үлгерген қала тұрғыны Қуаныш Асанов шын мәнінде, бүгінгі шеруден мерекелік көңіл-күй лебін сезінгенін айтады. Бұл жолы жарыс жолына оның ұлы Дияс та қатысқан болатын.

«Велосипед тебудің шын мәнінде, адам бұлшықетін нығайтып, қан айналымына оң әсер ететін пайдасы жеткілікті, - дейді әуесқой спортшы. 

Велошеруге келгендер мұндай шаралар  бұқаралық спорттың дамуына серпін беретінін айтады.

Соңғы жаңалықтар