Шымкентте қалың қардан бастырманың шатыры құлап, көлікті басып қалды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте қалың қарды көтере алмаған бастырманың шатыр құлап, көлікті басып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Оқиға бүгін Солтүстік - Батыс шағын ауданындағы Өркенді көшесі бойында орналасқан жер үйде болған. Аулада орналасқан бастырманың шатыры қалың қарды көтере алмай құлап, астында тұрған «Лексус» автокөлігін басып қалған. Оқиға орнына барған жедел-құтқару жасағының сарбаздары арнайы гидравликалық құралды қолдана отырып, автокөлікті үйіндінің астынан алып шықты.


Бүгін күннің жылуынан Шымкенттегі қалың қар еріп жатыр. Сондықтан Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары тұрғындарды үй іргесінде жүрмеу керектігін ескертуде. Себебі, төбеден мұз бен қар құлап, жазатайым оқиға болуы ықтимал.

«Қала аумағында 26 см қар жауған. Ғимараттардың төбесінде көп мөлшерде қар мен мұз жиналған. Сондықтан үй іргесінде жүрмеңіз, шатырлардың астына тұрмаңыз, көліктерді құрылыс аумағына қоймаңыз, қауіпті жерлерді айналып өтіңіз, электр желілерінің астында тұруға болмайды»-делінген Шымкент қаласы ТЖД қоғаммен байланыс тобы таратқан ақпаратта.

Фото Шымкент ТЖД


Соңғы жаңалықтар