Шымкентте қаңғыбас иттерді аулау айлығы басталды

ЫМКЕНТ. Наурыздың 1-і. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Бүгіннен бастап Шымкентте қаңғыбас иттерді аулау айлығы басталды,

Шымкентте    қаңғыбас иттерді аулау айлығы басталды

деп хабарлады қала әкімінің орынбасары Ерғали Білісбеков.

Бұл мақсаттарға қалалық бюджеттен 15 миллион теңге қарастырылып отыр. «Бұл қаражаттың бес миллионы - қала тұрғындарын инфекциялардың таралу мүмкіндігінен қорғайтын арнайы мал қорымының - Беккер шұңқырының құрылысына жұмсалатын болады», дейді Е.Білісбеков.

Ол сондай-ақ ит аулаушы бригадалардың 12 мыңға жуық қаңғыбас жануарды аулауды жоспарлап отырғанын хабарлады. Шымкенттің ветеринарлық қызметі олардың жұмыстарын бақылауға алады.