Шымкентте қар жауып, тұрғындарды әбігерге салды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте қар жауып, тұрғындарды әбігерге салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Бүгінде Шымкент қаласының барлық аудан аумағында қар тазалау жұмыстары жүргізілуде.

Еңбекші ауданында тұрғындардың қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету үшін орталық көшелер мен ішкі орам жолдардағы 293 аялдама мен 155 шақырым аяқ жолдар қардан тазартылуда.

Ал, Әл-Фараби ауданы аумағында 102 орталық маңызы бар және 302 ішкі орамдық көшелерде қардан тазарту жұмыстары қолға алынды. Қар күреу жұмыстарына 25 арнайы техника мен 110-ға жуық адам жұмылдырылды. Сонымен қатар, аулаішілік аяқжолдар мен аялдамалардың қары тазалануда.

Абай ауданы аумағында да қардан тазарту жұмыстары атқарылуда. Орталық көшелер бойында, ішкі аулаларда 150 адам қар күреу жұмыстарын жүргізуде. Жалпы қардан тазарту жұмыстарына 35 техника жұмылдырылған.

Қаратау ауданы аумағындағы тазалық жұмыстарын 45 техника мен 180-нен астам қызметкерлер атқарып жатыр.


Соңғы жаңалықтар