Шымкентте қарақшының ізін қуалаған полиция қызметкеріне өзеннен жүзіп өтуге тура келді

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте қарақшының ізін қуалаған полиция қызметкеріне өзеннен жүзіп өтуге тура келді.
None
None

Түнгі кезекшіліктен оралып келе жатқан Әл-Фараби полиция бөлімінің тергеу-жедел тобының қызметкерлері күдікті жас ер адамды байқады. Формадағы адамдарды көрген ол жасырынуға әрекеттенді, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен. Полицейлер оның артынан жүгірді. Қызметкерлердің тоқтау талаптарына қарамастан жігіт тоқтамады. Ол Қошқар ата өзенінің қасындағы көпірден өтіп, жекеменшік сектордың жанына күрт бұрылып кетті.

Күдікті жас азаматты ұстау үшін, әл-Фараби ПБ-нің полиция қызметкері жолды кесіп өтуге ұйғарды. Суыққа қарамастан, ол суға секіріп, өзеннен жүзіп өткен соң, қуалауын жалғастырды. Полиция қызметкері белгісіз ер адамның терезенің ішіне кіріп, ғимараттардың бірінің ішіне жасырынғанын байқады. Аға лейтенант ер адамнан өз еркімен берілуін сұраған соң, ол жасырынған орнынан шығуға мәжбүр болды. Полицейлерден қашқан адам автомобильдерден бағалы заттарды ұрлауға және тонауға күдікті Шымкенттің 1997 жылғы тұрғыны болып шықты. Ұрланған мүліктің бір бөлігі одан оқиға орнында алынды. Көп ұзамай оны сыбайласы, Шымкент тұрғыны - 1996 жылғы жігіт те қолға түсті.

Тергеу барысында сондай-ақ жас азаматтардың тұраққа қойылған көліктерден 5 ұрлау фактісіне және тонаушылыққа қатысы бар екені белгілі болды. Келтірілген шығынның жалпы сомасы - жарты миллионнан астам теңге. Күдіктілер қамауға алынды. Аталған фактілермен ҚР ҚК-нің 188-бабы («Ұрлық») және ҚР ҚК-нің 191-бабы («Тонау») бойынша сот алдындағы тергеу амалдары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар