Шымкентте қарақшының «Каспий банкке» шабуылы камераға түсіп қалған

«Қылмыс барысы бақылау камерасының нысанасына іліккен. Басқыншы банк ғимаратының негізгі кіре беріс есігінен еркін кірген. Бетін мата бетпердемен тұмшалап алған ол «жарылғыш пакетке» ұқсас затты еденге лақтырып, аталған зат түтіндей бастаған кезде банк қызметкерлерін балтамен қорқытып, ұлттық және шетелдік валютадағы көлемді қаражатты алған. Осыдан кейін ол қылмыс орнынан бой тасалаған», - деді ол.
Департамент басшысының айтуынша, күдіктінің тұрғылықты мекен жайынан ұрланған ақшаның біраз бөлігі табылған.
«Күдіктінің тұрғылықты мекен жайынан ұрланған ақшаның біраз бөлігі, сөмке, қолғап және жасалған қылмысқа оның қатысы бар екендігін дәлелдейтін өзге де заттай айғақтар табылып, тәркіленді. Осы іске қатысты тергеу жалғасуда», - деді Алмас Садубаев.