Шымкентте карантин режимі тағы ұзартылды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкенттің бас мемлекеттік санитар дәрігері Әбдіманап Төлебаев қала аумағында карантин режимін ұзарту туралы жаңа қаулы шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Шымкент қаласында карантин режимі және коронавирус инфекциясының таралууының алдын алу жөніндегі шектеу іс-шаралары эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін ұзартылсын», - делінген құжатта.

Қаулыға сәйкес, 65 жастан асқан адамдардың қалада жүруі шектеледі. Қоғамдық орындарда бетперде кию, әлеуметтік арақашықтықты сақтау және антисептиктерді пайдлану талаптары қатаң сақталады. Сауда орындарында, халыққа қызмет көрсету саласындағы нысандарда және адамдар көп жиналуы мүмкін орындарда күнделікті дезинфекциялық іс-шаралар жүргізіледі. Қоғамдық тамақтану орындарда кальян шешуге тыйым салынады.

«Ashyq» жобасына қатысушы барлық объектілер үшін сағат 00.00-ге дейін, «Ashyq» жобасының көшбасшылары үшін – сағат 02.00-ге дейін; демалыс күндері – сағат 02.00-ге дейін, қызметкерлер мен келушілерде «жасыл мәртебе» болған жағдайда (вакцинация, сынама алған кезден бастап 7 тәуліктен аспайтын теріс нәтижесі бар ПТР тест, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар, ауырып жазылған адамдар соңғы 3 ай ішінде) «Ashyq» жобасының көшбасшылары үшін – сағат 02.00-ге дейін рұқсат етіледі.

Қаулының толық мәтінін мына жерден оқуға болады.


Соңғы жаңалықтар