Шымкентте қаруланған 4 жасөспірім ұсталды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте полицейлер түнгі уақытта көшеде ата-аналарының қарауынсыз жүрген төрт жасөспірімді тоқтатқан. Тергеу барысында біреуінің сөмкесінен қару-жарақтар табылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Шымкентте  қаруланған 4 жасөспірім ұсталды

1999 және 2000 жылы туған жасөспірімдер өздерімен бірге шолақ аңшы мылтығы, екі травматикалық тапанша алып жүргені анықталды. Сөмкеден сондай-ақ бетперде мен пышақтар да табылыпты.  Соған қарағанда жасөспірімдер тонауға бара жатуы мүмкін деген жорамал жасалды.
null 

Қазіргі кезде полицейлер төрт баланың қаруды қайдан алғанын және қандай да бір қылмыстарға қатыстылығын анықтап жатыр.
null 

Олардың үстінен Қылмыстық кодекстің 287-бабы «Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» бойынша іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.