Шымкентте кәсіпқой бокс матчы өтеді

АЛМАТЫ. 5 наурыз. ҚазАқпарат - Шымкент қаласында 9 наурызда кәсіпқой бокстан рейтингтік жекпе-жектер өтеді. 
None
None

 Boxrec.com - интернет cайтында жарияланған мәліметке қарағанда, онда 5 жұп өнер көрсетпек. Ауыр салмақта  өзбекстандық Елиор Гуломов қырғызстандық Өмірбек Рыскелдиевпен кездеседі. Супер-орта салмақта  қазақстандық Михаил Криныцин өз отандасы Бабыр Артықбаевпен, ал жеңіл салмақта  Әнуар Мұсағұлов  Арман Ұтжановпен  жұдырық түйістіреді. Ал Жандос Жетіпсбаев пен Қошбол Жүсіповтің қарсыластары әзірге белгісіз болып отыр.

Әндіжандық Е. Гуломов бұған дейін 4 кездесу өткізіп, оның бәрін нокаутпен аяқтады. Оның бұл жолғы қарсыласы 22 жастағы Ө. Рыскелдиев 4 кездесуді жеңіп, 5 кездесуде жеңіліс  тапқан еді. Ал 1988 жылы 20 қыркүйекте Қарағандыда өмірге келген М. Криныцин бұған 13 жекпе-жек өткізіпті. «Ал-Хаттаб» деген лақап аты бар Михаил 9 кездесуде ұтып, 2 кездесуде тең түсіп,  2 кездесуде жеңілістің ащы дәмін татқан.  Енді 1 рет жеңістің дәмін  татып, 3 рет қарсыласының басымдығын  мойындаған шымкенттік Б. Артықбаевтың күшін сынайды. 24 жастағы көкшетаулық Ә.Мұсағұлов бұған дейінгі 3 кездесуді де өз пайдасына  шешкен боксшы. Ол енді 1 рет жеңіп, 3 рет жеңіліс тапқан 22 жастағы шымкенттік А. Ұтжановтың шеберлігін байқамақ. 25 жастағы шымкенттік Ж. Жетпісбаев болса бұған дейін 3 рет жеңіске жетсе, 2 рет жеңіліс тапқан. Сондай-ақ алғашқы  кездесуде қарсыласын нокаутпен ұтқан Қ. Жүсіпов енді екінші жекпе-жегін өткізгелі отыр. 

Соңғы жаңалықтар