Шымкентте қатты дауыл кезінде екі ұшақ соқтығысып қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қатты дауыл кезінде Шымкент әуежайының тұрағындағы оқу-жаттығу ұшақтарына зақым келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.

Шымкентте қатты дауыл кезінде екі ұшақ соқтығысып қалды

«2017 жылдың 27 желтоқсаны күні Шымкент қаласының әуежайындағы арнайы тұрақта тұрған «Training center Part FCL» ЖШС-на тиесілі тіркеу нөмірлері UP-CS018 және UP-CS019 Cessna-172 ұшақтарында оқыс оқиға болды. Ұшақтардың бағыттау құралы мен қанаттарына зақым келген. Жіберілген радиохабарламаға сәйкес, тұрақтағы ұшақтардың соқтығысуына қатты дауылды жел мен олардың бір-біріне өте жақын орналасуы себеп болған», - делінген комитеттің Фейсбуктегі парақшасында.

Айта кету керек, ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитеті 25 желтоқсаны күні аталған ұшақтарға Шымкент-Алматы бағыты бойынша бір рет ұшуға рұқсат берген.

Еске сала кетсек, «Training center Part FCL» ЖШС-ы оқу-жаттығу орталығы акцияларының 9%-ы «Азаматтық авиация академиясы» АҚ қарасты. Мұның алдында «Training center Part FCL» ЖШС-ы ұшақтары әуе оқиғаларының орын алуына байланысты әуе компаниясы ұшақтарының ұшуына шектеу қойылған болатын.