Шымкентте қайтыс болған жасөспірімнің өлімі кездейсоқтық деп бағаланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шымкентте өзіне өзі қол салды деп болжанған іс қаралып бітті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Отырар телеарнасына сілтеме жасап.

№77 мектеп оқушысы 18 қаңтарда өзінің үйінде асылып қалған жерінен табылған болатын. Аталған факт бойынша «Өзіне қол салатын жағдайға жеткізілген» бабы негізінде қылмыстық іс қозғалған болатын.

Телеарнаның хабарлауынша, істің мән-жайын тексеру барысында анықталғаны, жеке тұрғын үйде тұрып жатқан ол ата-анасы үйде жоқ кезде шатырды тазаламақ болған. Ол қабырғаға шыққан соң, кір жаятын арқанға шырмалып, одан босана алмай қалған. Ақыр соңында буынып қалған.

«Осы іс бойынша тиісті ұйымдар сараптау жұмыстарын жүргізді. Бізге жағдайдың оқыстан болған оқиға екені туралы анықтама берді. Осыдан кейін бәрібір тағы тексеру жүргіздік. Қалалық білім басқармасы тарапынан ауқымды жұмыстар атқарылды. Профилактикалық жұмыстарды біз күнде жүргіземіз. Балалармен және олардың ата-аналарымен әңгімелесеміз. Бірнеше мәрте прокуратура мен ішкі саясат саласының мамандарын да шақырғанбыз»,-деді № 77 мектеп-лицейінің директоры Ілияс Мақаев.

Шымкентте жыл басынан бері жасөспірімдердің өзіне өзі қол салуының №77 оқушысын қоса алғанда 4 жағдайы тіркелді.

Соңғы жаңалықтар
telegram