16:49, 02 Қараша 2009 | GMT +5
Шымкентте Қазақ көлік және коммуникация академиясының екінші курс студентін өлтірген күдікті ұсталды
АСТАНА. Қарашаның 2-сі. ҚазАқпарат - Шымкентте қаланың 21 жасар тұрғыны Қазақ көлік және коммуникация академиясының екінші курс студентін өлтірді деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды ҚР ІІМ баспасөз қызметі.

Оқиға өткен жылы болған еді. Қазақ көлік және коммуникация академиясының студенті ЖОО жатақханасынан ауруханаға жеткізілген болатын. Оның демі ауруханада үзілді.