Шымкентте кеден қызметкерлері кәсіпкердің жүгін еш себепсіз 4 күн бойы ресімдемей қойған

None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте кеден қызметкерлері жүк ресімдеуді негізсіз 4 күнге созған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Call-орталығына хабарласқан кәсіпкер Өзбекстаннан алып келе жатқан жүкті кедендік ресімдеу кезінде кедергілерге кездескенін айтқан.

Кеден органдары 4 күн бойы электронды кедендік декларацияны келісу бойынша шешім қабылдамаған.

Ал мамандардың айтуынша, заң жүзінде мұндай шешімді қабылдау мерзімі 8 сағаттан аспауы керек.

«Шымкент қаласы бойынша Антикор қызметкерлері кеден бекетіне барып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде кәсіпкерге кедендік ресімдеуге келісім берілді. Жүк өтініш білдірген күні шекарадан өтті» - делінген сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Шымкент қаласы бойынша департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.


Соңғы жаңалықтар
telegram