Шымкентте қоғамдық қауіпсіздікті сақтау бойынша жүйелі жұмыстар атқарылып келеді

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте қоғамдық қауіпсіздікті сақтау бойынша жүйелі жұмыстар атқарылып келеді. Нәтижесінде қоғамдық орындардағы жасалған қылмыстардың саны 5020-дан 4832-ге төмендеп, яғни 4 пайызға кеміп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шымкентте қоғамдық қауіпсіздікті сақтау бойынша жүйелі жұмыстар атқарылып келеді

Қалалық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өткен жылмен салыстырғанда көшелерде орын алған қылмыстардың саны 2723-тен 2568-ге азайып, көрсеткіші 6 пайызға түскен. Ал, жасөспірімдермен жасалған қылмыстардың саны 218-ден 165-ке немесе 24 пайызға төмендеп отыр.

Жедел-қызметтік жұмыстардың нәтижесінде орын алған қылмыстардың саны өткен жылмен салыстырғанда 13783-тен 12238-ге төмендеп, көрсеткіші -11 пайызға азайған. Қылмыстардың ашылу пайызы 30-дан 35-ке жақсарған. Оның ішінде ауыр және аса ауыр қылмыстардың ашылымы 70-тен 73 пайызға, орта және ауырлығы онша емес қылмыстардың ашылымы 27-ден 31 пайызға жақсарып отыр.

Атқарылған іс-шаралардың нәтижесінде аса ауыр қылмыстардың саны 60-тан 41-ге төмендеп, түсу көрсеткіші 32 пайызды құраған. Адам өлтіру фактісі 27-ден 19-ға төмендеп, көрсеткіші 30 пайызға түскен. Денеге ауыр дәрежеде жарақат салу бойынша 65-тен 42-ге азайып, көрсеткіші 35 пайызға төмендеген. Қарақшылық қылмысы 23-тен 16-ға кеміп, көрсеткіші 30 пайызды құраған.

Тонау фактісі бойынша 442-ден 315-ке түсіп, көрсеткіші 29 пайыз болып отыр. Бұзақылық қылмысының саны 476-дан 410-ға төмендеп, көрсеткіші 14 пайызға азайған. Ұрлық қылмыстарының саны 8537-ден 7351-ге азайып, көрсеткіші 14 пайызды құрады. Бопсалау фактісі бойынша 32-ден 15-ке төмендеп, көрсеткіші 53 пайызға түскен.

Қаруды жымқырудың саны 9-дан 7-ге төмендеп, көрсеткіші 22 пайызды құрап отыр.

Орын алған қылмыстарды сотқа жолдау барысында өткен жылмен салыстырғанда сотқа жолданған істердің саны 4204-тен 4617-ге дейін көбейіп, 10 пайызға артып отыр. Оның ішінде жеделдетілген өндіріспен жолданған істердің саны 1004-тен 1516-ға жоғарылап, 51 пайызға артып отыр. Қайта тергеуге жолданған істердің саны 39-дан 53-ке немесе 35 пайызға өскені сотқа жолданған істердің санының 208 іске өсуі себеп болып отыр, алайда Республикалық көрсеткіштен 0,1 пайызға, яғни 1,5-тен 1,4-ке төмен. Тоқтату туралы қаулының бұзылуы 579-дан 503-ке немесе 13 пайызға төмендеген.