Шымкентте қоқыстан табылған нәресте оқиғасы: 1996 жылғы әйел полицияға жеткізілді

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте қоқыс арасынан табылған нәрестенің анасы 1996 жылы туған әйел болуы ықтимал. Әйел адам поицияға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шымкентте қоқыстан табылған нәресте оқиғасы: 1996 жылғы әйел полицияға жеткізілді

Кеше, яғни 18 қазан күні полицияға Рысқұлов көшесінің бойында орналасқан қоқыс жәшіктерін тазалау барысында «ЛТД-Тұрмыс» ЖШС-нің қызметкерлері жаңа туған баланың мәйіті бар пакет тапқаны туралы хабарлама түскені туралы жазған болатынбыз.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 100-бабымен (Жаңа туған баланы анасының өлтіруі) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.

Нәрестенің мәйітіне сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Тергеу барысында 1996 жылы туылған күдікті азаматша анықталып, полицияға жеткізілді.

«ҚР ҚПК-гің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу құпиясын сақтау және оны қамтамасыз ету мақсатында жария етуге жатпайды»,-делінген хабарламада.