Шымкентте көлік бөлшегін сататын базардан 63 азамат полицияға жеткізілді

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкенттегі автокөлік бөлшектерін сататын базарлардың бірінен 63 азамат полицияға жеткізілді. Ішкі істер органдарында олардың жеке басын анықтау жұмыстары жүргізілмек, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шымкентте көлік бөлшегін сататын базардан 63 азамат полицияға жеткізілді

Түркістан облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл шаралар қала аумағында кең көлемде жүргізіліп жатқан «Қауіпсіз қала» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында қолға алынып отыр. 

«Бүгін полицейлер базардағы 174 сату нүктесін тексеріп, сатушылармен профилактикалық жұмыстар жүргізді. Сатушыларға қатысты «Қылмыс пен құқықбұзушылық жасауға әсер ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі шаралар қабылдау» және ҚР ҚК-нің 196-бабын басшылыққа ала отырып, «қылмыстылық жолдармен алынғанын біле тұра, мүлікті сатып алу» туралы ескертпе түріндегі 287 үндеу парақтары таратылды» делінген хабарламада. 

null

nullПолицейлердің айтуынша, 25 шілде мен 5 тамыз аралығында өтіп жатқан шара барысында бұрын қолданыста болған заттарды сататын нүктелерді анықтау, яғни автобөлшектер сататын орындарға, ломбардтарға, темір сататын, ұялы телефон сататын нүктелерге және т.б. сауда орындарына кең көлемді тексеру жұмыстарын жүргізу, оларды тіркеуге алу көзделіп отыр. 

Сондай-ақ, тәулікке жалға берілетін пәтерлерді анықтап, тіркеусіз жүрген азаматтарды, бұрын сотты болғандарды тексеріп, олар есепке алынады. Түнгі уақытта ойын-сауық орталықтарына, ойынханалар мен сауналарға тексеру жүргізілмек. Жеке үйлерге тексеру жұмыстары жүргізіліп, есірткі заттары мен заңсыз қарулар анықталмақшы. 

«Қауіпсіз қала» іс-шарасының өткен екі тәулігінде, яғни 25-26 шілде күндері тәртіп сақшылары қала аумағындағы 892 нүктеге тексеру жұмыстарын жүргізді. Соның ішінде 405 пәтерге, 378 жеке үйге, 22 дүкенге, 13 жанар-жағармай бекеттеріне, 39 тамақтану орындарына, 5 базарға, 9 ломбардқа, 5 сауда үйіне және 14 басқа да сату нүктелеріне тексеру жұмыстары жүргізілді. Жүргізілген жедел-тексеру жұмыстары нәтижесінде 2 тәулікте 15 қылмыстың беті ашылып, 168 әкімшілік құқықбұзушылықтар анықталды. Ішкі істер органдарына 144 тұлға есепке алынып, 10 тұлға қабылдап-тарату орындарына жеткізілді. «Қауіпсіз қала» іс-шарасына Шымкент қаласының мыңнан астам полиция қызметкері жұмылдырылып, олар он күн бойы күшейтілген тәртіпте жұмыс атқаратын болады» делінген ІІД баспасөз қызметінің хабарламасында. 
null

null