Шымкентте көлік қағып, мерт болған жүргіншінің тұлғасы анықталды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте көлік қағып, мерт болған жүргіншінің тұлғасы анықталды. Еңбекші аудандық полиция бөлімінің мәліметінше, марқұм 1962 жылы туған қала тұрғыны екені анықталған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шымкентте көлік қағып, мерт болған жүргіншінің тұлғасы анықталды

Еске салайық, жол-көлік оқиғасы 1 желтоқсан күні қаланың Бекет батыр мен Сайрам көшелерінің қиылысында болған еді.  Toyota автокөлігін тізгіндеген 30 жастағы жүргізуші  жаяу адамды қағып кетіп, жасы 50-55 шамасында ер азамат ауруханаға барар жолда көз жұмды. Кейіннен тәртіп сақшылары оның тұлғасын анықтау үшін бұқаралық ақпарат құралдарына хабарлама таратып, көмек сұраған-ды.

 Қазіргі таңда жол-көлік оқиғасы бойынша Қылмыстық кодекстің 345 бабы «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бойынша іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Тағайындалған бірнеше сараптамалар қорытындысы бойынша тиісті процесуалдық шешім қабылданатын болады.