Шымкентте көлік кептелісін азайтатын аспалы көпірдің құрылысы басталды

Әкімдік таратқан бейнероликте жүргізушілерге дұрыс бағыттар көрсетілген. Бұл бағыттар жазбаша түрде де таратылуда.
«Шымкент қаласының тұрғындары мен қала қонақтарының назарына! Сіздердің назарларыңызға Бекжан базары маңындағы құрылыстан айналып өту сызбасын ұсынамыз. Сонымен, егер сіз әуежайға бет алсаңыз, көлік тығынына тап болмас үшін Темірлан тасжолы арқылы келіп, "Шымкент-Тұлпар" базарының жанынан оңға бұрылып, Әл Фараби көшесіне түсу керек. Осы көшенің соңына жеткен соң Ынтымақ шағынауданына қарай солға бұрылып, қайтадан Темірлан тасжолына шыға аласыз. Ал, қалаға әуежай жақтан оралу үшін осы бағытпен Ынтымақ шағынауданы арқылы Төлеметов көшесіне дейін жету керек. Осы бағытта қалаға Өтегенов көшесі мен Бәйдібек би даңғылы арқылы келуге болады.
Шымкент қаласының әкiмдiгi қала тұрғындары мен қонақтарына түсіністік танытқандары үшін алғыс бiлдiрiп, уақытша қолайсыздықтар үшiн кешiрiм сұрайды», делінген ақпаратта.