Шымкентте көпқабатты үйдің астындағы алты сауда дүңгіршегі өртеніп кетті

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте көпқабатты үйдің астындағы алты сауда дүңгіршегі өртеніп кетті. Киім, аяқ киім және ұялы телефондардың аксессуарлары сатылатын сауда нысандары пластик және профнастилден салынған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шымкентте көпқабатты үйдің астындағы алты сауда дүңгіршегі өртеніп кетті

Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт кешкі сағат 18:02-де Рысқұлов көшесінде болған. Оқиға орнына өрт сөндіру қызметінің 45 қызметкері мен 8 техникасы, Апаттар медицинасы орталығы филиалының 1 бригадасы жұмылдырылды.

«Оқиға орнына жеткен алғашқы өрт сөндіру бөлімдері жалпы аумағы 250 шаршы метрді құрайтын дүңгіршектерде киім, аяқ киім және ұялы телефондардың аксессуарлары сатылатындығын анықтады. Жалын шарпыған аумақ 150 шаршы метр. Жалын 18:53-те оқшауланып, сағат 19-14-те толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда»,- делінген хабарламада.


Видеодан алынған кадр