Шымкентте көркем гимнастикадан ел чемпионаты өтуде

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат  - Шымкентте көркем гимнастикадан ел чемпионаты өтуде. Жастар арасында ұйымдастырылған жарысқа  еліміздің 14 облысынан және Астана, Алматы қалаларынан 300-ден аса спортшы қатысуда, деп хабарлайды  ҚазАқпарат тілшісі.

Шымкентте көркем гимнастикадан ел чемпионаты өтуде

Жарыстың ашылу салтанатында халықаралық дәрежедегі төреші және чемпионаттың бас төрешісі Зарина Абдулкаримова мен облыс əкімінің орынбасары Бауыржан Жамалов құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сəттілік тіледі.
null 

 2 ақпанға дейін жалғасатын  біріншілікте спортшылар жекелей жəне топтық жаттығуларда өнер көрсетуде. Өз өңірлерінде үздік шыққан хас шеберлер осылайша  турнирде бақтарын сынап, осы жылы көркем гимнастикадан әлем чемпионаттарына қатысатын спортшылар анықталатын болады. 

null null null