Шымкентте коронавирус анықталған бес адам да науқастармен қарым-қатынаста болған

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы Шымкент қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырған 5 адам туралы мәлімет жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шымкентте коронавирус анықталған бес адам да науқастармен қарым-қатынаста болған

Вирус жұқтырған 1996, 1993, 1967 жылы туған ер және 1991,1966 жылы туған әйел адамдар өздеріне дейін вирусты жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болған, карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған.

ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысы COVID-19 диагнозын нақтылады.

Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде.

Олармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда.

Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.

25 сәуірдегі жағдай бойынша қалада COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған 146 адам анықталды.