12:33, 21 Қаңтар 2022 | GMT +6
Шымкентте коронавирус жұқтырған 41 науқас жансақтау бөлімінде жатыр
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат- Шымкентте коронавирус жұқтырған 41 науқас жансақтау бөлімінде ем қабылдап жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Шымкентте 20 қаңтар күні КВИ-дің 444 жағдайы тіркелді.
Оның ішінде белгілері бар – 205, белгілері жоқ – 239.
Ал 50 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 394 адам үй бақылауына алынды.
Мамандандырылған инфекциялық стационарлардағы төсек-орын толымдығы 45 пайыз болған.
Инфекциялық стационарда - 365 науқас, жансақтау бөлімінде – 41 науқас ем қабылдауда.
Бір тәулік ішінде қалада 640 адам вакцина алған. Екпе науқаны басталғалы барлығы 594 232 адам вакцинацияланды.
Оның ішінде 581 656 адам вакцинаның екі компонентін алды.
Pfizer вакцинасының I компонентін 28 165 адам, II компонентін 13 012 адам қабылдаған.
Сондай-ақ, 59 991 адам ревакцинацияланды.