Шымкентте коронавирус жұқтырған 9 адамның барлығы қала тұрғындары

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте коронавирус жұқтырған 9 адамның барлығы қала тұрғындары. Бұл туралы ҚазАқпарат Төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі Мемлекеттік комиссияның жедел штабына сілтеме жасап хабарлайды.

Шымкентте коронавирус жұқтырған 9 адамның барлығы қала тұрғындары

Жедел штаб таратқан мәліметтерге қарағанда, ауру жұқтырғандар Шымкент қаласының тұрғындары. Олар коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған.

«ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды.

Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде.

Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда.

Ауру ошақтарында эпидзерттеу, дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп жатыр»,-делінген хабарламада.

Айта кетейік, бүгінгі таңда Шымкентте қауіпті вирусты жұқтырғандар саны 80 адам, 12 адам аурудан құлан-таза айығып кетті.