Шымкентте коронавирустан тағы бір адам көз жұмды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Шымкентте коронавирустан тағы бір адам көз жұмды деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Сайт таратқан мәліметтерге қарағанда қайтыс болған азамат 1968 жылы дүниеге келген.

Осылайша, еліміз бойынша қауіпті вирустан көз жұмғандар саны 21 адамға жеті.

Олар:

Нұр-Сұлтан қаласы – 2

Алматы қаласы – 6

Шымкент қаласы – 4

Ақмола облысы – 4

Шығыс Қазақстан облысы – 1

Қарағанды облысы – 1

Қостанай облысы – 1

Павлодар облысы – 1

Түркістан облысы – 1


Соңғы жаңалықтар