21:52, 21 Мамыр 2023 | GMT +6
Шымкентте қойманың шатырынан шыққан өрттен 40 жастағы ер адам күйіп қалды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте қойманың шатыры жанып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Шымкент төтенше жағдай департаментіне сілтеме жасап.
21 мамыр күні 15:28 шамасында құтқару қызметіне Тұран ауданы Ломоносов көшесі бойында жалпы ауданы 2400 шаршы метрді құрайтын бір қабатты қоймадан өрт шыққаны жайлы хабар түскен.
Қойма шатырының 280 шаршы метр аумағын жалын шарпыған.
Тілсіз жау сағат 16:20-да оқшауланып, 16:32-де сөндірілді.

Оның сол қолының 6% күйіп қалған. Өрттің себебі анықталып жатыр.
Отты сөндіруге Шымкент қаласы ТЖД өрт сөндіру қызметінің жеке құрамынан 50 адам және 11 техника, апаттар медицинасы орталығы филиалынан 4 маман жұмылдырылды.