Шымкентте құрылыс материалдары сақталған контейнерде шыққан өрт сөндірілді

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте құрылыс материалдары сақталған контейнерде шыққан өрт сөндірілді. Жалынды ауыздықтауға 145 сөндіруші мен 24 техника жұмылдырылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі. 

 Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрт  қаладағы  аспа шамдар мен пластикалық өнімдер сататын контейнерлік түріндегі нысанда орын алған. Жалын жалпы көлемі 270 шаршы метр шарпыған. Сөндірушілер тілсіз жауды сағат 15.12-де толық ауыздықталды. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Қазіргі таңда өрттің шығу себебі және шығынның көлемі анықталуда.
 










Соңғы жаңалықтар