Шымкентте құрылыс орнынан адам сүйектері табылды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат- Шымкентте ежелгі адамдардың бас-сүйектері табылған. Адам денесінің қаңқалары «Оңтүстік» шағын ауданында жеке тұрғын үйдің ауласынан шықты, деп хабарлайды «Қазақпарат» ХАА аймақтағы тілшісі. 

Шымкентте құрылыс орнынан адам сүйектері табылды

Үй иесі есік алдына қора-жай салмақшы болған. «Жерді тереңдетіп қазып жатқан сәтте, кенет адам сүйегіне ұқсас зат табылды. Ақырын қазғанымызда үш адамның бас сүйегі мен қыш құмыралар таптық. Шамамен мұнда ежелгі замандағы бір үйдің үш адамы қатарынан жерленген болуы мүмкін. Өйткені, көне ғұрыпқа сәйкес қабірге ыдыстарды қою соны көрсетеді», - дейді жергілікті тұрғын Дәурен Абаев.
Табылған заттар археологтарға өткізілді. Құрылыс жұмысы уақытша тоқтаған. Себебі, мамандар зерттеу жұмыстарын жүргізбекші.

Алмас СҰЛТАН