Шымкентте қылмыскерлерді босатамын деп жалған құжат жасаған басшы үш жарым жылға бас бостандығынан айырылды

АСТАНА. Қазанның 29-ы. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Оңтүстік Қазақстан облысында бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан 3 азаматты заңнан тыс шартты түрде мерзімінен бұрын босату әрекеті орын алды.
None
None

 Бұл оқиға жөнінде бүгін  журналистермен болған брифингте Бас прокуратураның ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, Шымкент қаласының тергеу оқшаулағышы бастығының орынбасары Байғараев жазасын өтеп жатқан азаматтарды үйінде қамауда ұстау жөнінде бастығының атынан жалған қаулы жасаған. Қаулы талаптары бойынша қылмыскерлер үйлерінде отырғандарына қарамастан қылмыстық жазасын өтеп жатқан болып есептеледі. «Осылайша қызмет бабын асыра пайдаланған Байғараев біреуді босатамын деп 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал қамаудан босатылған қылмыскерлер  «жылы» орындарына қайта жайғасады», деді ресми өкіл.

Соңғы жаңалықтар