Шымкентте қысқы спорт түрлері мектебінің жаңа маусымы ашылды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте қысқы спорт түрлері мектебінің жаңа маусымы ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Оңтүстікте мәнерлеп сырғанау, хоккей, шорт-трек пен фристайл спорт түрлерін дамыту мақсатында ашылған  мектепте бүгінде  500-ге жуық шәкірт спорттың 5 түрімен шұғылданады. Олар: әмбебап жекпе-жек, фристайл, шорт-трек, мәнерлеп сырғанау және шайбалы хоккей. Спорт мектебінің басшылығы болса  болашаққа жоспарлары көп екенін айтады. Мәселен, келер жылы Оңтүстік Кореяда өтетін Қысқы олимпиада  ойындарына фристайл мен шорт-трек бойынша спортшылар жіберіп, оларға үлкен үміт күтетінін айтады.

«Қазір біздің алдымызға қойған мақсатымыз - қазан айында  Алматында және Рудный қаласында өтетін шайбалы хоккейден ҚР чемпионатына қатысу. Қазір сол жарысқа  тыңғылықты дайындалып жатырмыз. Сонымен бірге  қазан айының 20-сы күні Қарағанды қаласында мәнерлеп сырғанаудан ҚР чемпионаты өтеді. Қазір оған да дайындық үстіндеміз. Ал, негізгі мақсатымыз және міндетіміз, келесі жылы Оңтүстік Кореяда өтетін Қысқы олимпиадада жоғары нәтиже көрсету. Бұл жарыста фристайл мен шорт трек бөліміне үлкен үміт артып отырмыз»,-дейді №8 қысқы спорт түрлерінен олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебінің директоры  Бақытжан Зиябеков. 

Соңғы жаңалықтар