Шымкентте Қыз Жібектің суретіне «жан бітіп», Гәкку әнін шырқайтын болды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте Қыз Жібек пен Төлегеннің суретіне «жан бітті», деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шымкентте Қыз Жібектің суретіне «жан бітіп», Гәкку әнін шырқайтын болды

Бұл жайында Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы Facebook парақшасында мәлімет таратты.

«Бұл керемет мурал – режиссер Сұлтан Қожықовтың «Қыз Жібек» фильмінен алынған көрініс. Ол Шымкенттегі тұрғын үйдің қасбетінде орналасқан» деп жазады киностудия.

Муралдың ерекшелігі - сіз смартфонмен суреттің жанындағы QR кодты сканерлесеңіз, «Гәкку» әні шырқалып, суретке жан бітеді.

Бас кейіпкердің атпен бейнеленген суреті де «тірі» секілді.