11:14, 09 Қараша 2017 | GMT +5
Шымкентте Land Cruiser 12 жастағы қызды қағып кетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Кеше Шымкент қаласының полиция бөлімі «102» пультіне Қазыбек би көшесінде жаяу жүргіншіні көлік қағып кеткені туралы хабарлама келіп түскен. Полицейлер «Toyota Land Cruiser» автокөлігінің жүргізушісі 1989 жылы туған тұрғын екенін анықтады. Ол автокөлігімен 2005 жылғы мектеп оқушысын жаяу жүргінші жолағынан өтіп бара жатқанда қағып кеткен, деп хабарлайды облыстық ІІД баспасөз қызметі.
Дене жарақатын алған 12 жасар қызды автокөлік жүргізушісі Шымкент қаласының ауруханасына медициналық көмек көрсету үшін жеткізген. Қазіргі таңда дәрігердің айтуы бойынша дене жарақатын алған оқушының жағдайы тұрақты.
Осы жайт негізінде ҚР ҚК-нің 345-бабы «Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бойынша СДТБТ-не тіркелді. Автокөлік айып тұраққа жеткізілді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.