Шымкентте мал қора өртеніп, бір адам күйіп қалды
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте шаруашылық құрылыс нысанынан өрт шығып, бір адам күйіп қалды. Төтенше жағдай Жиделі мөлтекауданындағы екі қабатты қорада орын алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Өрт туралы ақпарат қалалық төтенше жағдайлар қызметіне кеше түнгі сағат 23.27-де түскен. Жалын жалпы көлемі 70 шаршы метр аумақты шарпыған. Нәтижесінде 3,5 тонна шөп пен 7 ірі қара мал жанып кетті. Денесін күйік шалған 43 жастағы ер азамат ауруханаға жеткізілді.
«Өртті сөндіруге жеке құрамның 20 қызметкері мен 5 техникасы жұмылдырылды. Жалын сағат 00.25-те ауыздықталып, сағат 01.54-те толық сөндірілді. Қазіргі таңда өрттің шығу себептері анықталуда» делінген Шымкент қалалық ТЖД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.