Шымкентте мас жүргізуші оқушы қызды қағып кетті

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте мас жүргізуші 10 жастағы қызды қағып кетті. Ауыр жарақат алған жеткіншек ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Қайғылы оқиға қаладағы Еңбекші ауданы аумағындағы көшелердің бірінде болған. Жол көлік оқиғасын жасаған 51 жастағы жүргізуші ішімдік ішіп алып, «Ваз-21102» көлігімен жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Қатты соққыдан 5 сынып оқушысы ұшып кетіп,  жедел жәрдеммен облыстық ауруханаға жеткізілді. Алайда дәрігерлер балаға көмек көрсете алмады. Ол аурухананың жансақтау бөлімінде көз жұмды.

Тиісті сараптамалар қортындысы адам қаққан жүргізушінің рульге мас күйде отырғанын дәлелдеді.

Қазір жол апатын жасаған тұрғынның үстінен Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3 -бөлігі «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы, абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет» бойынша іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Кінәлі жүргізуші уақытша тергеу абақтысына қамалды.

 

Соңғы жаңалықтар
telegram